«Арлан» броньдалған дөңгелекті машинасы ІІ халықаралық «Армия-2016» әскери-техникалық форумының демонстрациялық көрсетілімінде ұмытылмас әсер қалдырды.
«Арлан» БДМ екі күн қатарынан Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында демонстрациялық көрсетілімге қатысты.
Көрсетілім «Шеп» бастапқы қалыптан танкті директрисаға шығумен басталды. Мұнда «Арлан» орнынан «БТР» нысаналары бойынша атысты жүргізуді бастады және әрі қарай атысты тоқтату шебіне дейін 3-5 патроннан кезекпен-кезек көздеуіш автоматты оқ атуды жалғастырды. «Арланның» «САРП» жауынгерлік модулінің көздеуші операторы қозғалыста машинаның қару-жарағын тұрақтандыра отырып, межелерді жоюмен оқ атудың жақсы нәтижелерін көрсетті.
Жоғары жылдамдықта «Арлан» БДМ оқ ату мүмкіндіктерінің көрсетілімі аяқталғаннан кейін машинаның жүріс мүмкіндіктерін орындауға кірісті. «Арлан» жүргізушісі «Өткел» кедергісін еңсеруді бастады. Одан кейін машинаның трансмиссиялық сапасын бұзбай «Түтік үйіндісін» еңсеруді шебер орындады. Биіктігі 50 см «Эскарп» кедергісін еркін бұзып өтіп, одан кейін бетонды блоктардан жасалған «Шахмат үйіндісі» және «Қия беткей» кедергілерін шеберлікпен бұзып өтті. Жоғары жылдамдықта «Баспалдақ» кедергісінің жанына келіп, «Баспалдақ» кедергісінің үстіңгі алаңында машинаның фиксациясын шебер жасап, әрі қарай үлкен жылдамдықта көрермендер мінберінің алдында «Сегіздік» жаттығуын орындады. Бұл ретте жауынгерлік модуль атыс орны бағытында тұрақтандырылған қалыпта ұдайы ұстап тұрды және көрсетілім аяқталғаннан кейін мінберлердің жанынан ұшып өтті.
Ресей Федерациясының қару-жарағы мен әскери техникасының жалпы көрсетілімі аяқталысымен «Арлан» парадтың тұйықталуына қатысты.
Демонстрациялық көрсетілімдердің мамандарды мен қонақтары «Арлан» броньдалған дөңгелекті машинасының техникалық сапасын жоғары бағалады.