
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров Корея Республикасы ҚМ Әскери барлау агенттігінің басшысы вице-адмирал Пак Донг Вумен кездесу өткізді.
Генерал-майор Талғат Мұхтаров қауіпсіздік аясындағы бүгінгі шынайылық тығыз өзара іс-қимылды ретке келтіру қажеттілігін көрсететінін атап өтті.
«Қауіп-қатерлерге уақтылы ден қою және алдын алу мақсатында достастық елдері арасында тұрақты байланыс болғаны аса маңызды. Бұл мәнмәтінде біз Астанадағы Корея Елшілігі жанындағы әскери атташе аппаратының ашылуын құба-құп көреміз. Кореялық серіктестеріміздің тарапынан бұл қадам қорғаныс саласында екіжақты қарым-қатынасты дамыту тұрғысындағы ұстануды паш етеді. Бұл мемлекеттеріміздің арасындағы әскери ынтымақтастықтың жаңа белесіне айналатынына сенімдімін».
Сондай-ақ, кездесуде екі елдің халықаралық әскери ынтымақтастығының негізгі басымдылықтары да атап өтілді. Олардың арасында әскери білім мен ғылым әскерлерді даярлау жүйесін жетілдіру, сонымен қатар, қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту және қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту жөнінде бірлескен өндірістерді құру болып табылады.


