ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери білім беру мәселелері бойынша кеңес өтті

ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери білім беру мәселелері бойынша кеңес өтті

2016 жылдың 6 қазанында ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басшылығымен әскери білім беру мәселелері бойынша ҚР ҚМ әскери оқу орындары мен жоғары оқу орындарына қарасты әскери кафедра басшыларының қатысуымен кеңес өтті.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери білім беру жүйесін әрі қарай дамытудың негізгі мәселелері талқыланды.

Бүгінгі күні қорғаныс ведомствосы «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының әскери білім беру ерекшеліктері бөлігіне қатысты өзгерістер енгізгенін айта кетейік.

Кеңесте аталған өзгерістерді іске асыру мәселелері көтеріліп, сондай-ақ, әскери білімді әрі қарай жетілдіру бағыттары айқындалды.

Қорғаныс министрлігіне, әскери колледждерге ведомстволық бағынысты әскери мектептерді қайта құру бөлігінде Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н. Назарбаевтың тапсырмаларын іске асыру жөнінде жеке стратегиялық бағдарлар анықталды.

Сонымен қатар, кеңес барысында Қорғаныс министрі бірқатар әскери оқу орындары мен кафедра басшыларының баяндамаларын тыңдап, оқуға жаңадан қабылданғандардың қорытындысын жасады.