ҚР Қорғаныс министрі ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасарын таныстырды

ҚР Қорғаныс министрі ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасарын таныстырды

ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Әділбек Алдабергеновті таныстырды.

Генерал-майор Әділбек Алдабергенов Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесі, М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияның түлегі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуы мен дамуына қомақты үлес қоса отырып, лейтенант шенінен бастап генерал атағына дейін әскери қызметтің барлық сатысынан өтті.

Генерал-майор Әділбек Алдабергенов 42610 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы топ командирі, 71170 әскери бөлімі Орта-Азиялық әскери округтің арнайы мақсаттағы жасағы арнайы мақсаттағы топ командирі, 83149 п.п әскери бөлімі Германиядағы кеңес әскерлері тобы арнайы мақсаттағы жасағы арнайы мақсаттағы топ командирі, штаб бастығы – 21208 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы жасақ командирінің орынбасары, жекелеген гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы парашюттік-десанттық батальонының командирі, 14776 ә/б командирі, ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы, Бас қолбасшының бірінші орынбасары – ҚР ҚК Құрлық әскерлері БҚБ бас штабының бастығы болып қызмет атқарды.

1985 жылдың сәуірі мен 1986 жылдың тамызы аралығында ДРА-дағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты. Өзінің батылдығы мен қайсарлығы, жауынгерлік іс-қимылдарда бөлімшесіне білікті басшылық еткені үшін Қызыл жұлдыз орденімен марапатталды. Одан басқа, генерал-майор Әділбек Алдабергенов 2-дәрежелі «Айбын», 2-дәрежелі «Даңқ» орденімен және 14 медальмен марапатталған.