
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, Отан қорғаушының оң имиджін қалыптастыру, әскери кәсіптің беделін нығайту және әскери қызметке ынталандыру шақырылымға дейінгі жастарға тәрбие беру бойынша Қарулы Күштер қызметінің негізгі бағыттарының бірі.
«Мәңгілік ел» патриоттық актісінің басты идеясының бірі нығайту мен көбейту арқылы ғана емес, сондай-ақ, оны ұрпақтан ұрпаққа, дәуірден дәуірге дарыту арқылы жасампаз қазақстандық патриотизмнің негізін құру болып табылады.
«Мәңгілік ел» патриоттық актісін іске асыру және өскелең ұрпаққа қазақстандық патриотизм рухында тәрбие беру шеңберінде Атырауда «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 41433 әскери бөлімінде «Қазақстан әскеріндегі бір күн» ашық есік күні өтті. Оған орта мектептердің 9-10 сыныбының 250-ден аса оқушысы қатысты.
Іс-шараның мақсаты жастардың ҚР Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге қызығушылығын арттыру және оларға патриоттық тәрбие беру болып табылады.
Іс-шара барысында оқушылар әскери қызметішлердің тұрмысымен, жағдайы және күнделікті тыныс-тіршілігімен, қару-жарақтың, әскери техника мен жауынгерлік амуницияның заманауи үлгілерімен танысып, әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын өз көздерімен көрді.
41433 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқ ату және дене даярлығы бойынша нормативтер мен жаттығулардың орындалуын көрсетіп, сондай-ақ, «Атлетизм, Табандылық. Алғырлық» кедергілер жолағынан өткендерін паш етті.
Бір күннің қорытындысы бойынша біршама оқушылар алған әсерлерімен бөлісті және мектепті тәмамдағаннан кейін олар ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетті түрде қызмет ететіндерін атап өтті.


