ҚР ҚК Бас штабының бастығы Қазақстанның екі облысындағы шақырылым барысын тексерді

ҚР ҚК Бас штабының бастығы Қазақстанның екі облысындағы шақырылым барысын тексерді

Қазақстанда күзгі шақыру науқаны өтуде. ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы оның өту барысына жіті назар аударуда.  ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің  басшылық етуімен комиссия жұмыс сапарымен Ақтөбе және Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің жиын пункттерін тексерді.

Ақтөбе облысынан армияға Қарулы Күштерде, Шекара қызметі, Ұлттық ұлан және ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет етуге 880 шақырылушы жөнелтіледі.

«Мен әрқашан армияда қызмет етуді армандадым. Отанды қорғау әрбір ер азаматтың парызы деп ойлаймын. Мен Қапшағайдағы десанттық-шабуылдау әскерлеріне қызмет етуге аттанамын», - деді 21 жастағы Нұрсұлтан Тұбабаев.

Атырау облысы бойынша күзгі наряд жоспары 751 шақырылушыны құрайды. Олардың ішінде 200 адам қызмет ету орындарына жіберілді.

ҚР ҚК Бас штабының бастығы шақырылушылардың медициналық тексерілуі және психологиялық тестілеуден өту процесімен танысып, әңгімелесу барысында болашақ сарбаздарды жігерлендіріп тастады. Жалпы алғанда, мерзімді қызметке шақыруды ұйымдастыру жоспар бойынша жүріп жатыр. Екі облыстағы күзгі шақырылым бойынша жоспар 100 пайызға орындалады.

Бұдан бұрын Алматыдағы шақырылым барысын ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақов тексергенін айта кетейік.