
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен кеңесі өтті.
Күн тәртібінде министрліктер арасындағы әрі қарайғы өзара іс-қимыл мәселелері қаралып, отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамытудың стратегиялық бағыттары талқыланды.
«Қорғаныс министрлігі отандық қорғаныс кәсіпорындарының өнімдері мен қызметтеріне негізгі тапсырыс беруші болып табылады. Әскери өнімді жеткізіп берудің сапасы мен уақтылылығынан армияның жауынгерлік қабілеттілігі мен жалпы мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі тікелей байланысты», - деп Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник С. Жасұзақов атап өтті.
Кеңес барысында заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың жоғары технологиялық өндірісін әрі қарай ретке келтіру мақсатында қару-жарақтың негізгі түрлеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар егжей-тегжейлі пысықталды.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 350 Жарлығына сәйкес құрылған болатын.