«Ratel» интернет-порталында жарияланған жаңалыққа қатысты ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми пікірі

«Ratel» интернет-порталында жарияланған жаңалыққа қатысты ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми пікірі

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін ғана емес, сонымен бірге, әскери зейнеткерлерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі.

Осыған орай, ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақов Бас әскери прокуратурамен келісе отырып, себептер мен жағдайлар толық анықталғанға дейін қызметтік тұрғын үй қорынан Қарулы Күштердің зейнеткерлерін көшірмеу, сондай-ақ, аталған мәселені шешу тетігін пысықтау туралы шешім қабылдады.