Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Өзбекстан Бас штабының әскери делегациясымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Өзбекстан Бас штабының әскери делегациясымен кездесу өткізді

23 қарашада Астанада ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас штабы Бас басқармасының бастығы полковник Фарход Шерматовпен кездесуі өтті. 

Екіжақты кездесу барысында қазақстандық-өзбек әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың өзекті және перспективалық бағыттары бойынша пікір алмасу өтті.

ҚР Қорғаныс министрі қорғаныс пен қауіпсіздік, экстремистік, лаңкестік топтамалар қызметінің жаңа қауіп-қатерлеріне, жаңа түрлеріне жедел ден қою аясындағы екіжақты қарым-қатынастың әрі қарайғы өсу қажеттілігін атап өтті. 

Одан басқа, ҚР қорғаныс ведомствосының басшысы Қазақстанның аумағында өтетін алдағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің «Алтын үкі»  халықаралық сайысы мен «АрМИ-2017» халықаралық армия ойындары тақырыбын айналып өткен жоқ. «Мүмкіндікті пайдалана отырып және мемлекеттеріміздің арасындағы әскери ынтымақтастықты дамыту мақсатында Сіздерді аталмыш іс-шараларға қатысуға шақырамын», - деді министр.