Авиациялық қақтығысқа қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми түсіндірмесі

Авиациялық қақтығысқа қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми түсіндірмесі

Бүгін, 21 желтоқсан күні түнгі жағдайда оқу ұшуын орындау кезінде авиациялық қақтығыстың салдарынан Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш майор А. Ысқақов барынша күш-жігерін салып, ұшақты елді мекеннен әрі қарай бұрып жіберді. Одан кейін қарғып түсу әдісін қолданды.

Қазіргі уақытта ұшқыштың жағдайы қанағаттанарлық. Қақтығыстың себептері мен мән-жайын ҚР Қорғаныс министрі тағайындаған комиссия анықтауда.

Майор А. Ысқақовтың күндізгі және түнгі уақыттағы жалпы ұшып өтуі 556 сағатты құрайтынын айта кеткен жөн.