
Жаңа жылды мерекелеу қарсаңында Алматы қ. Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері №1 қалалық балалар үйінде мерекелік концерт ұйымдастырды.
Алматы гарнизонының Әскери прокуратура қызметкерлерімен бірлесе әскери мектептің көркемөнерпаздар ұжымы балаларға ұмытылмастай жаңа жылдық мереке сыйлады. Балалар үшін олардың дәрежеге көтерілуі және кадет сыныптарына қабылданулары айрықша есте қалды.
Салтанатты шара аяқталғаннан кейін балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы полковник Манат Батырбаев пен Алматы гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Тілекжан Сәткен жылы лебіздерін білдірді. Олар балаларды келе жатқан Жаңа жылдарымен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады. Тәрбиеленушілерге оқуларында сәттілік серік болсын, өз елінің нағыз патриоттары және лайықты азаматтары болуларын тілеп, жаңа жылдық сыйлықтар тарту етті.
Қарулы Күштердің әскери қызметшілері тұрақты түрде әртүрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып отыруға тырысатындарын айта кеткен жөн. Бұл ретте, егде жастағы адамдар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мейірімділік танытудың маңыздылығын көрсету үшін олар жас Отан қорғаушыларды, яғни, әскери мектептердің тәрбиеленушілері мен кадеттерді атсалысуға тартады.


