Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мамандықтар бойынша дайындықты аяқтады

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мамандықтар бойынша дайындықты аяқтады

Қазақстанның Қарулы Күштерінде мамандықтар бойынша жеке құрамды дайындау аяқталды. Әскери қызметшілер штаттық-лауазымдық арналуына сәйкес негізгі пәндер мен белгіленген стандарттар бойынша сынақ тапсырды.

Әскери қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім алды. Сонымен, көздеуші операторлар штаттық қару-жарақты, оның жауынгерлік мүмкіндіктерін, оқ атудың негізгі амалдары мен қағидаларын, техникалық қызмет көрсету тәртібін, көздеу аспаптарын ұрысқа келтіру және мұқият тексеруді зерделеді. Өз кезегінде, механик-жүргізушілер өздерінің тапсырмалары көлеміне сәйкес жүргізу ережелері мен жауынгерлік машиналарды пайдалану тәртібін, күндіз және түнде жауынгерлік жағдайларға тән кедергілерді еңсере отырып, жауынгерлік алды және жауынгерлік тәртіптерде қозғалуға дайындалуды зерделеді.

Сынақ тапсыру оқытып-үйретудің соңғы, шешуші кезеңі болып табылады. Ол кезде әскери қызметшілер теориялық және практикалық сабақтар барысында үйренген барлық дүниелерін паш етуі тиіс.

Мамандықтар бойынша даярлау атқарып отырған механик-жүргізушілер, көздеуші операторлар, атқыштар, гранатаатқыштар, оқшашаршылар, саперлер және т.б. лауазымдар бойынша топтар құрамында жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн. Қару-жарақ және оқ-дәрілер бар практикалық іс-қимылдармен байланысты әрбір сабақ алдында қауіпсіздік шаралары зерделенді.