
Қарулы күштердің әскери қызметшілері республикалық референдумға белсенді түрде қатысу үстінде.
Еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты алғашқылардың бірі болып өз таңдауын генерал-полковник Руслан Жақсылықов жасады.
Қорғаныс министрі елордадағы №88 мектеп-лицейінің ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.
Қорғаныс ведомствосының басшысы жалпыреспубликалық референдум әскерилер үшін осы заманғы және бәсекеге қабілетті мемлекет құруда маңызды кезең болып табылатынын атап өтті.
- Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері өздерінің азаматтық парызын орындаудың жауапкершілігін, конституциялық таңдауы және әрбір дауыстың маңыздылығын жете түсінеді. Отан қорғаушылар еліміз үшін тарихи маңызы бар оқиғаға жүзпайыздық құраммен қатысу үстінде, - деді министр.