
Алматыда Құрлық әскерлері әскери институтының базасында Қарулы күштердегі дене дайындығы мен спортқа жауапты офицерлердің кәсіби деңгейін жетілдіруге арналған жиын өтті.
Сабақтар дене тәрбиесін ұйымдастырудағы қазіргі заманғы әдістемелерді меңгеру және оларды қызметте қолдану мақсатында өткізіліп отыр.
Оқу бағдарламасының 87 сағатын құраған сабақтар психологиялық, тактикалық дайындық, медициналық қамтамасыз ету және дене шынықтыруды ұйымдастырудағы ақпараттық технологияларды қолдануды қамтитын бірнеше бөлім бойынша өткізілді.
– Біліктілікті арттыру барысында нұсқаушылар жеке құрамның қарқынды оқу-жауынгерлік қызмет жағдайында қажетті физикалық қасиеттерін қалыптастырудың заманауи әдістемелерін зерделеді. Әскери қызметшілердің дене даярлығының психологиялық аспектілеріне ерекше назар аударылды. Оларды есепке алу тапсырмаларды орындау кезінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар курстың практикалық бөліміне сабақ барысында жарақаттанудың алдын алу және алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар да кірді, – деді Жауынгерлік даярлық департаменті дене дайындығы басқармасының бастығы полковник Алмаз Сағындықов.
Жиын аяқталған соң негізгі оқу пәндерінен кешенді емтихан өткізіліп, тыңдаушыларға курсты аяқтағаны туралы тиісті куәліктер берілді.