Қарулы күштерде қауіпсіздік шараларына арналған сабақтар ұйымдастырылды

Қарулы күштерде қауіпсіздік шараларына арналған сабақтар ұйымдастырылды

Қазақстан әскерінде 1 маусым күні басталатын жазғы оқу кезеңі қарсаңында барлық басқару органдарында, құрамалар мен әскери бөлімдерде қауіпсіздік шаралары бойынша сабақтар өтті.

Бірыңғай жоспар бойынша ұйымдастырылған іс-шараларда нақты мысалдар көрсетіліп, теориялық және практикалық бөлім қамтылды. Дәрістер әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Сабақтар қарумен, оқ-дәрілермен, электр жабдықтарымен, улы және техникалық сұйықтықтармен жұмыс істеу, әскери техниканы жүргізу және оларға қызмет көрсету, қалыптан тыс аптап ыстықта тапсырмаларды орындау сияқты Қарулы күштер тіршілігінің барлық салаларын қамтиды

Жекелеген мамандықтарды атқаратын әскери қызметшілер (десантшылар, теңізшілер, ұшқыштар, саперлер, РХБҚ мамандары) үшін қызметтің ерекше түрлерінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша дербес тақырыптар көзделген.

Сапалы дайындалып, өткізілетін бұл сияқты іс-шаралар жауынгерлердің қауіпсіздік шаралары туралы тұрақты білімін қалыптастыруға, жеке құрамның қаза табуы мен жарақаттануының алдын алуға мүмкіндік беретінін тәжірибе көрсетіп отыр.