Қазақстанның Қорғаныс министрі Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Қазақстанның Қорғаныс министрі Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтанда Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесспен және Францияның Қазақстандағы әскери атташесі полковник Жан-Филипп Тардьемен кездесті.

Тараптар әскери білім беру, бітімгершілік, әскери-техникалық саясат және киберқауіпсіздік саласындағы әскери ынтымақтастықтың даму мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Францияның әскери ынтымақтастығы жоспарлы негізде жүзеге асырылып жатқанын атап өткен жөн.