
Өскемен қаласында ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-орындаушылық жүйе комитеті төрағасының жүлесіне ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Оның қорытындысы бойынша АОСК-ның спортшылары 7 алтын, 2 күміс және 3 қола медальді жеңіп алды.
Әлеуетті құрылымдардың 12 командасы мен бүкіл республиканың 11 командасынан құралған 220-дан аса спортшы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстанның чемпионы атағы үшін шаршы алаңына шықты. Армиялық спортшылар арасында салмақ дәрежелері бойынша жеке есепте А. Тұрсын (50 кг), З. Белоусова (55 кг), аға лейтенант К. Сағын (55 кг), С. Рахмонова (60 кг), Ж. Сәбит (70 кг), кіші сержант М. Жүнісова (75 кг) және Ү. Садықова (75 келіден аса) алтын медальді иеленді. Қ.Ақанов (65 кг) пен О.Аслан (70 кг) «күміс» жүлдені еншіледі. «Қола» жүлде Р.Максимова (65 кг), М.Үзденбеков (75 кг) пен А.Хасановқа (90 келіден аса) бұйырды.
«Турнир керемет өтті. Спортшыларымыз дене даярлығының жоғары деңгейі мен шеберлікті көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстанның намысын Германиядағы әлем чемпионатында қорғайтын еліміздің құрамасы жасақталады», - деді АОСК-ның қоян-қолтық ұрыстан команда бастығы майор Мұрат Бижанов.