Қостанайда әскери-патриоттық тәрбие беру аясында ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды

Қостанайда әскери-патриоттық тәрбие беру аясында ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды

Жастар жылы аясында және әскери-патриоттық тәрбие берудің тиімді жүйесін құру мақсатында қорғаныс істері жөніндегі департаменті және Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті арасында әскери-патриоттық тәрбие беру аясында ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.

Аталмыш құжаттың мақсаты жастардың бастамаларына қолдау білдіру, бірлескен жобаларды әрі қарай іске асыру, сондай-ақ әскери-патриоттық шараларға қатысу үшін өскелең ұрпақты кеңінен тарту болып табылады. Одан басқа, қазіргі уақытта А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында «ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің әскери кафедрасы мен филиалы сәтті жұмыс жасауда.

Жастар жылы аясында Қорғаныс министрлігі өскелең және шақырылуға дейінгі жастардың патриоттық тәрбиесін нығайтуға, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштері қатарында әскери қызметті дәріптеуге бағытталған әртүрлі іс-шаралар кешенін өткізіп жатқанын айта кетейік.