
Көкшетауда жабық үй-жайларда Президенттік көпсайыстан ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. Онда АОСК-ның спортшылары Қарулы Күштердің қоржынына 6 медаль салды. 5 күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден аса спортшы мықтылар атағына бақ сынасты.
Сайыс спорттың төрт түрін қамтыды: оқ ату, жүзу (100 м), спринт (60 м) және шыдамдылыққа жүгіру (2000 м). Жарыс қорытындысы бойынша армиялық спортшы Әнуар Қозыбаев абсолюттік чемпион атанды, оның қоржынында 2 алтын медаль. Чемпионатта екінші және үшінші орынды аға лейтенант Максим Губарев пен ефрейтор Ағыбай Нығыметов еншіледі. Әйелдер арасында 2 күміс медальді кіші сержант Елена Лютинец иеленді. «Мұндай сайыс түрлеріне қатысу көпсайыстың әскери-қолданбалы түрлеріне дайындалудағы ажырамас құрамдас болып табылады.

Бүгінгі таңда аталмыш спорт түрі Қарулы Күштерді даму үстінде. Бізде барлық жағдай жасалған. Әскери қызметшілер физикалық тұрғыдан жақсы дайындалған», - деді әскери көпсайыстан АОСК командасының бастығы аға лейтенант Максим Губарев. Сайыс қорытындысы бойынша Беларусь Республикасында жабық үй-жайларда Президенттік көпсайыстан еліміздің намасын қорғайтын ұлттық құрама команда жасақталатынын айта кеткен жөн.