Курсанттар әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде практикалық тәжірибе жинақтауда

Курсанттар әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде практикалық тәжірибе жинақтауда

Жаппай әуе шабуылына қарсы қорғаныстың құрамалары мен әскери бөлімдерінде Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының 5-курс курсанттары әскери тағылымдамадан өтуде.

Тағылымдаманың мақсаты лауазымдық арналым бойынша міндеттерді орындауда және әскерлерде міндеттерді өздігінен орындауға дайындық бойынша әскери оқу орнында алған теориялық білімдері мен практикалық машықтарын бекіту, тереңдету және жетілдіру болып табылады. Зениттік-зымыран және радиотехникалық әскерлері, мемлекеттік құпияларды қорғау, байланыс және автоматтандырылған басқару құралдарының болашақ офицерлері жедел және жауынгерлік даярлық, әскерлер қызметін ұйымдастыру іс-шараларына белсене қатысуда, сондай-ақ әскери техникада жұмыс жасау және бөлімшелерді басқаруда далалық машықтары мен практикалық дағдыларын жетілдіруде.

Өз кезегінде, курсанттар келген әскери бөлімдердің офицерлері тағылымдамадан өтушілер әскери бөлімнің тыныс-тірлішілігіне үйреніп, оларға жүктелген міндеттерді сәтті орындаулары үшін барлық күш-жігерлерін салуда.

Әскери тағылымдама курсанттардың әскери-кәсіби машықтарды игерудегі негізгі және шешуші кезең болып табылатынын айта кету қажет. Оның барысында әрбір тағылымдамадан өтушіге өздігінен теорияны зерделеудің негізгі келешегін айқындауға мүмкіндік береді, оқып-үйренушілерді әрі қарай мансаптық өсуге ынталандырады, практикалық қызметтегі шығармашылықтың ролін күшейтеді.