
Шаңғыда бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасының кубогы Алматы облысы Бел-Бұлақ шатқалында аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша Армия орталық спорт клубының спортшылары 6 алтын, 3 күміс және 4 қола медальға қол жеткізді.
Қазақстанның барлық аумағынан жиналған 90 астам мықты спортшылар бақ сынады. Жарыс бағдарламасы спринт, орта және алыс қашықтыққа бағындырудан тұрды.
Қарулы Күштердің атынан армиялық спортшы-бағдаршы капитан Денис Власов, лейтенант Эльмира Молдашева, сержант Мария Вламова, ефрейтор Дмитрий Адамович пен ефрейтор Азат Назыров қатысты.
«Армияшылар жақсы өнер мен нәтиже көрсетті. Жергілікті аумақта спорттық бағдарлау-бұл тек қана шаңғы дайындығынан тұрмайды, сонымен қатар интелектуалды спорт түрі. Арақашықтықты уақыт ында бағындырып қоймай, ең тиімді жолын табу мен бақылау пункттерін алудан тұрады», - деді АОСК спортшысы лейтенант Эльмира Молдашева.