Қазақстанның Қорғаныс министрі Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Қазақстанның Қорғаныс министрі Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.

Қазақстанның Қорғаныс министрі Ресей елшісін 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен құттықтады.

Кездесу барысында екіжақты әскери ынтымақтастықты, өзара іс-қимыл бағыттарын іске асырудың ағымдағы мәселелері талқыланды.