
Қарулы күштерді Минасыздандыру орталығында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне арналған жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеу курсы өтті.
Сабақтар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін реттеу, сондай-ақ оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде өткізілді.
Теориялық сабақтарға әртүрлі жарылғыш заттардың жіктелуін, құрамын және сипаттамаларын, оларды есепке алу және қолдану тәртібін зерделеу кірді. Қопару жұмыстарын жүргізу және жарылыс қаупі бар заттарды тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын үйретуге ерекше назар аударылды.
«Жағалау» оқу-жаттығу полигонының арнайы жабдықталған қопару қалашығында практикалық жаттығулар кезінде әскери қызметшілер ату арқылы және электрдің көмегімен зарядтардың жарылысын дербес жүргізді.
Біліктілікті арттыру курсы аяқталған соң Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне тиісті куәліктер табыс етілді.
2018 жылдан бастап Қарулы күштерді минасыздандыру орталығының базасында еліміздің күштік құрылымдарының 150-ден астам маманы оқығанын атап өткен жөн.