«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы сайланды

«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы сайланды

«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамында директорлар кеңесінің отырысы өтіп, оның қорытындысына сәйкес Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева аталған қоғамның жаңа төрағасы болып сайланды.

Қазақстан Қарулы күштерінде Айгүл Нұрәліқызы 2013 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол экономика ғылымдарының докторы, «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басымдығы жөніндегі Ұлттық ғылыми кеңестің төрағасы болған, ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментін басқарған. Оның директорлар кеңесінің төрағасы ретінде атқаратын жаңа лауазым міндетіне Орталықтың қызметін бақылауды ұйымдастыру кіреді.

«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы – Қорғаныс министрлігінің ведомстволық ұйымы. Қоғам акцияларының жүз пайызы мемлекетке тиесілі, Қорғаныс министрлігіне жалғыз акционер құқығы берілген.

2013 жылдан бері акционерлік қоғамның президенті запастағы генерал-майор Қозы-Көрпеш Қарбозов болып табылады.