Қорғаныс министрі "Әскери құрылыс" АҚ-ның проблемалық мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Қорғаныс министрі "Әскери құрылыс" АҚ-ның проблемалық мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Қорғаныс министрлігінің басшылығы аяқталған жұмыстар үшін акционерлік қоғам қарызы бар компанияларға дағдарыстық жағдайды шешуге бағытталған ұсыныстарды жеткізді.

Өз тарапынан әскери ведомство "Әскери құрылыс" АҚ және "Әскери құрылыс Астана"ЖШС-мен жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша міндеттемелерін толық көлемде және уақтылы орындады. Мәселенің әлеуметтік сипатын түсінген ведомство проблемалық жағдайды реттеуге бастамашы болып отыр.

Атап айтқанда, Нұр-сұлтан қаласында Қорғаныс министрлігі, Қоғам және Серіктестік кредиторларының бастамашыл тобы өкілдерінің кезекті кездесуі өтті. Кездесуде кредиторлық берешекті өтеу бойынша проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланып, оңалту рәсімдері бойынша келіссөздер жүргізілді.

Бұл мәселе Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың жеке бақылауында. Әскери ведомство басшысының тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылып, ол тұрақты негізде Қорғаныс министрлігі Әскери инфрақұрылым бас басқармасының, жұмыстар мен қызметтерді орындайтын компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізіп тұрады.

Берешекті өтеу, шарттық міндеттемелерді орындау мәселесі бірінші кезектегі мәселе. Бөлінген көлемдер бойынша жұмыстар аяқталуы тиіс, себебі бұл Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығына тікелей байланысты.
Қорғаныс министрлігінің барлық жұмыстары мен қызметтері мемлекеттік сатып алу рәсімдері шеңберінде басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен тең дәрежеде жалпы конкурстық негізде сатып алынатынын атап өту қажет.

Қазіргі уақытта "Әскери құрылыс" АҚ басшылық тарапынан жіберілген мердігерлермен жұмыстағы құқық бұзушылықтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексеріп жатыр.