Жергілікті әскери басқару органдарының қызметін бағалаудың қосымша критерийлері енгізіледі

Жергілікті әскери басқару органдарының қызметін бағалаудың қосымша критерийлері енгізіледі

Қорғаныс министрлігі «Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік ісін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 407 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі.

Түзетулер жергілікті әскери басқару органдары қызметінің тиімділігін бағалау критерийлеріне шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру және материалдарды құқық қорғау органдарына жіберу жөніндегі жұмыс нәтижелерін қосу бөлігінде енгізіледі.

Құжаттың толық мәтінімен биылғы жылғы 25 сәуірге дейін ашық нормативтік құқықтық актілер порталында мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14065663.