Әскери-көліктік ұшақтар «Жаңаөзен-Бейнеу» тас жолына қонды

Әскери-көліктік ұшақтар «Жаңаөзен-Бейнеу» тас жолына қонды

«Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде әскерлерді Маңғыстау облысына әскери-көліктік авиациямен жеткізу ұйымдастырылды.

Бортында арнайы бөлімшелердің әскери қызметшілері бар Әскери-әуе күштерінің екі С-295 ұшағы «Жаңаөзен-Бейнеу» автокөлік жолының әуеайлағына қонды.  

Одан соң жеке құрам жауынгерлік техникамен оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға бағыт алды.

Жолды осындай мақсатқа қосалқы әуеайлақтар ретінде пайдалану Қарулы күштердің ұтқырлығын қамтамасыз етуге және әскери авиацияны арнайы жабдықталған ұшу-қону жолақтарынан қашықта қолдануға мүмкіндік береді.