Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Көкшетауда болды

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Көкшетауда болды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметтің имиджін арттыру және жастарды әскери борышын өткеруге ынталандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде қорғаныс ведомствосының өкілдері оқу орындарының оқушыларымен әскери-патриоттық жұмыстар жүргізуде.

Әскери қызметшілер Көкшетау қаласының орта мектептері мен колледждерінде болып, ерлік сабақтарын өткізді. Әскерге дейінгі жастар мен әскерге шақырылушылар үшін Әскери-тарихи мұражайдың экспозициялары, қару-жарақ пен әскери техника көрмесі ұйымдастырылды. Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.

 – Мемлекет басшысының Жолдауы аясында бүгінде бүкіл қоғам жаңа Қазақстанды қалыптастыру үшін бірігуге тиіс. Біз өз тарапымыздан өскелең ұрпаққа Отан қорғаушының жоғары миссиясын түсіндіруге басты назар аударамыз. Бүгінгі жастарымыз келешекте Қарулы күштердің қатарын толықтыратынына сенімім мол, – деп атап өтті Бас штабтың Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі полковник Бисен Жақыпов.

Ақпараттық-түсіндіру тобы Қазақстанның өзге де өңірлерінде жұмысын жалғастыратын болады.