
Құрметті генералдар мен офицерлер!
Сержанттар мен сарбаздар!
Қарулы Күштердің ардагерлері !
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Отанымыздың қорғаныс қабілетін арттыру, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған ауқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметтеріңіз әрдайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын.
Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін.
Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айқындайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз – көктемгі жаңарудың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Сіздерге бақыт пен құт-береке, бейбіт өмір, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін.
Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін! Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң бақыт пен береке сыйласын!