
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас сарбаз» және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласындағы меморандумға қол қойды.
Аталған шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов және «Жас сарбаз», «Ассамблея жастары» қозғалыстарының тәрбиеленушілері қатысты.
– Жастар ұйымдары құжатқа қол қойды, енді алда белсенді әрі бірлесіп атқаратын жұмыстар бар. Мақсатымыз бір. Ал меморандум ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі, – деп атап өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов.
«Ассамблея жастары» ұйымы Қасиетті парыз» деп аталатын жобаны ұйымдастыру арқылы әскери-патриоттық тәрбиені дамытуды қолдады.
Генерал-майор Мұхамеджан Таласов жаңа Қазақстанның құрылысы мемлекеттің одан әрі дамуы мен өркендеуінің, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын тиімді орындаудың басты ресурсы болуы жас ұрпаққа байланысты екенін атап өтті.
Бүгінгі шара қоғамдық бірлестіктер арасында өзара ынтымақтастықты орнатуға, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жан-жақты дамытуға күш салуға бағыттауға, жастар бастамаларына қолдау көрсетуге, бірлескен жобаларды ұйымдастырып, іске асыруға оң ықпал етеді.