
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай үлесті, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.
Бұл жоба арқылы ұшу әскери-есептік мамандығына, жердегі авиациялық мамандарға сәйкес келетін лауазымдарда қызмет ететін әскери қызметшілерге ерекше жағдайдағы жұмысы үшін үстемеақылар төлеу тәртібі, сондай-ақ көтерме жәрдемақы төлеу тәртібі айқындалады. Одан бөлек құжатқа бірқатар редакциялық түзетулер де енгізіледі.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14029684.