Ұлы Отан соғысының ардагерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Ұлы Отан соғысының ардагерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

8 наурызда Ұлттық әскери-патриоттық орталық пен "Жас сарбаз" республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысының өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагері Раиса Егоровна Сафоничеваны көктем мерекесімен құттықтады. 

 Шілдеде ол 97 жасқа толады. 1944 жылы Раиса Егоровна өз еркімен соғысқа аттанды. Минскіде қысқа мерзімді байланыс курсын бітірген соң, оны 2-ші Украина майданына жіберді. 

Киевтен Бессарабия мен Румыния арқылы Будапештке дейін майдан жолдарымен жүріп өткен Раиса Егоровна Жеңіс күнін қарсы алды.

Ол "ІІ дәрежелі Отан соғысы" орденімен, "Украинаны азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков" медальдарымен марапатталған. 

 Соғыстан кейін комсомолдық жолдамамен Раиса Егоровна тың игеруге келіп, Жамбыл облысындағы геологиялық барлау экспедициясында жұмыс істеді.

1980 жылы құрметті демалысқа шықты. Ол бірнеше рет қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі болып сайланды, қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысты. 

 Қарулы күштердің Орталық әскери оркестрі ардагердің соғыс жылдарындағы сүйікті әндерін шырқады. Ал "Жас сарбаз" республикалық балалар мен жасөспірімдер қозғалысының атынан гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды.