Қорғаныс министрінің Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтауы

Қорғаныс министрінің Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтауы

Аяулы арулар мен ардақты аналар!

Құрметті әскери қызметші әйелдер!

Отан қорғаушы деген қастерлі мамандық ерлерге ғана тән емес. Бүгінде әскердегі қыз-келіншектер Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуға лайықты үлестерін қосып келеді. Олар өздерінің еңбексүйгіштігімен және жауапкершілігімен ерекшеленіп жүр.

Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына мол үлес қосып келеді.

Ел басына күн туғанда Ұлы Отан соғысы жылдарында асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, жеңісті жақындату үшін ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Олардың есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда жатталып қалды.

Бүгінде қазақ әскерінде он екі мыңнан астам әйел қызмет етеді. Олардың сегіз жүзге жуығы – офицер. Оның ішінде жиырма – «полковник», бес мыңға жуық азаматтық қызметкер бар.

Қазіргі уақытта нәзік жандылар Қарулы күштердің барлық әскер түрлерінде қызмет етеді. Олар мерген, барлаушы, десантшы, әскери ұшқыш сияқты ер азаматқа тән мамандықты меңгеріп, бітімгершілік миссияларды абыроймен атқарып жүр.

Отбасының ырысы мен берекесі әйелдің иығындағы жүк. Әскердегі әйелдер жауынгерлік тапсырмаларды орындаумен қатар, шаңырақта болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеп отыр.

Бүгінгі көктем мерекесінде барша Отан қорғаушылардың аяулы аналары мен сүйікті жарларына шынайы алғысымды білдіремін.

 

Аяулы әскери қызметші және қызметші арулар!

Әскерилердің ардақты аналары мен жұбайлары!

Қымбатты ардагерлер!

Қарулы күштердің барлық жеке құрамының және өз атымнан Сіздерді ақ махаббат пен сергек сезім әлдилеген көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте табыс тілеймін. Әрдайым жақындарыңыз бен туыстарыңыздың мейіріміне бөлене беріңіздер!