
Алматы қаласында Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум бекітілді.
Осы құжатқа әскери жоғары оқу орындарының бастықтары, генерал-майорлар Асқар Мұстабеков пен Бауыржан Әбжанов қол қойды.
Меморандум оқу үдерісі мен ғылыми қызметті ұйымдастыруға, бірлескен конференциялар, дәрістер мен семинарлар өткізу ауқымында тәжірибе алмасуға негіз болады.
Ынтымақтастық сондай-ақ оқытушылар құрамының курстық даярлығы және курсанттардың тағылымдамасы барысында өзара іс-қимылды көздейді.
Бұған дейін Құрлық әскерлерінің әскери институты Ұлттық ұлан академиясымен осындай меморандумға қол қойған болатын.