Қазақстан мен Пәкістан арасындағы әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайыновтың Қазақстан Республикасындағы Пәкістан Ислам Республикасының Әскери атташесі бригадалық генерал Ясир Наваз Жанжуамен кездесуі өтті.

Тараптар бірлескен оқу-жаттығуларды өткізуге, әскери білім беру және бітімгершілік дайындық саласындағы өзара іс-қимылға қатысты әскери ынтымақтастықтың даму көкжиегін талқылады.