
Қазақстанның 7 спорттық клубтарынан келген 100-ден аса спортшылар 7 салмақ дәрежесі бойынша сыңға түсті. Армиялық спортшылар елміздің түрлі спорт клубтарынан келген, атап айтқанда, Алматы қаласының "Qazaq kuresi", Қарағанды қаласының «Қарағанды қазақ күресі» және «ЗАККАР», Нұр-Сұлтан қаласының «Елорда батырлары» мен Жамбыл облысының «Жекпе-жек» клубтары қарсыластары бір-бірімен «бетпе-бет» форматында кездесті. «Аталмыш турнир, 6–7 желтоқсан аралығында Алматы қаласында өтетін Конфедерациялар кубогіне іріктеу болды. Бұл турнир өзіне дзюдо, қазақ күресі, таекванда, бокс, еркін және грек-рим күресі сынды спорттың бес түрі бойынша сайысқа түсетіндігімен, және де «қабырғадан қабырғаға» форматында өтетіндігімен ерекшеленіп отыр. Біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, аталмыш куобкке жолдама алды. АОСК құрамына ҚР ҚМ АОСК мерзімді қызметте жүрген қатардағы жауынгерлер Сәкенұлы Ерасыл мен Абдулла Еркебұлан кірді», - деп атап өтті Қазақ күресі бойынша команданың бастығы Асан Мамбетқұлов.