
Қол қою рәсімін аша отырып, ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор М. Таласов ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланғанын атап өтті. Қорғаныс министрлігі мемлекеттің жастар саясатын іске асыру мен Отанның адал қорғаушыларына тәрбие беруге белсене атсалысады. Бүгінгі күні еліміздің түкпір-түкпірінде 100-ден аса мектепте «Жас сарбаз» сыныптары жұмыс жасауда. Өңірлерде 3000-ға жуық әскери-патриоттық клуб өз қызметін жүзеге асыруда. Онда 74 000 бала мен жасөспірім білім алуда. Меморандумға «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы әділет полковнигі Т. Басқожаев пен елордадағы «Жас сарбаз» өңірлік штабының төрағасы Асхат Налшыбек қол қойды. Құжаттың мақсаты жастардың бастамаларына қолдау білдіру, бірлескен жобаларды одан әрі іске асыру, сондай-ақ өскелең ұрпақты әскери-патриоттық шараларға қатысуға кеңінен тарту болып табылады. Салтанатты шара соңында «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушісі М, Сермағамбет барлық жасұландықтардың атынан «Жас сарбаздың» антын қабылдады. Одан кейін оған төсбелгі мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының қатысушысы сертификаты табыс еті.