
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2012 жылғы Лондондағы Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2015 жылғы Бүкіләлемдік армиялық ойындарының жеңімпазы, Астанадағы 2015 жылғы дүниежүзілік бас жүлде жеңімпазы құрамамыздың қоржынын қола медальмен толықтырды. «Спортшымыз жақсы өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Енді алда G-1 «Ukraine Open Cup 2019» WT класындағы Харьковтағы халықаралық турнирге дайындық күтіп отыр», - деді АОСК-ның штаттық командаларын дайындау бөлімінің бастығы майор Анвар Үсенов. Сайысқа барлығы бүкіл әлемнен ондаған мықты спортшы қатысты. Аталмыш турнир рейтингтік болып табылатынын, 1-орын иегері 10 ұпай, 2-орын – 6 және 3-орын – 3.6 ұпайға ие болатынын айта кету қажет. Бұл Олимпиада лицензиясына бақ сынасуда керемет күш-қуат болып табылады.