
Курстың мақсаты Орта Азия өңірінің мемлекеттерін гуманитарлық минасыздандыру негіздерімен таныстыру, гуманитарлық минасыздандыру аясында өңір елдерінің әлеуетін нығайту болып табылады. Курс Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери мамандары үшін өткізілді. Сарапшылар мен нұсқаушылар ретінде Босния мен Герцеговина, АҚШ, Сербия, Хорватия және ГФР-дан мамандар шақырылды. Курстың практикалық бөлігі Қапшағай қ. минасыздандыру орталығының базасында өтті. Онда қатысушыларға гуманитарлық минасыздандырудың негізгі элементтері және міндеттерімен танысу және пысықтау мүмкіндігі берілді. ЕҚЫҰ бағдарламалар офистерінің өкілдері ҚР Қорғаныс министрлігінің ЕҚЫҰ-ның барлық кеңістігінде ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.