Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалану қағидаларын бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі

Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалану қағидаларын бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиацияның қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 17)тармақшасын іске асыру үшін әзірленді.  Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын)  пайдалану шарттарын айқындайды. Құжаттың толық мәтінімен  www.mod.gov.kz ресми сайтының «НҚА жобалары» бөлімінде танысуға болады.