Үш тілдік – заманауи әлемде болашақ офицер ретінде әскери жоғары оқу орындарының курсанттарын дайындаудың негізі

Үш тілдік – заманауи әлемде болашақ офицер ретінде әскери жоғары оқу орындарының курсанттарын дайындаудың негізі

Турнирге Қазақстанның 9 өңірінен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 60 команда қатысты. ҚР Қарулы Күштерінің намысын тіл дайындығы мен шешендік өнердің жоғары деңгейін көрсеткен Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының үш командасы қорғады.  Курсанттар Ернар Ерқасым және Алтынбек Дінмұхаммед қазақ лигасында өнер көрсетіп, еліміздің 35 командасы арасында екінші орынды иеленді.  Курсанттар Ерназар Темірғалиев пен Еркен Нұрым ағылшын тілінде өнерлерін паш етіп, 17 команда арасында үшінші орынды еншіледі. Курсанттар Дархан Сәрсекеев пен Ағзам Нұрболатов орыс лигасының 28 командасы арасында үздік бестікке кірді.  Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.