Әскери-теңіз күштерінде курстық тапсырма пысықталуда

Әскери-теңіз күштерінде курстық тапсырма пысықталуда

Корабльді ұйымдастыру мен оны ұрыс пен жорыққа дайындау жөніндегі тапсырмалар шеңберінде әскери теңізшілер ұрыс пен жорыққа корабльді жасырын дайындауды ұйымдастыру, дауыл жағдайы мен шектеулі көрінушілік жағдайында корабльді жүзуге дайындау жөніндегі мәселелерді пысықтады. Одан басқа, іс жүзінде корабльдің жерүсті және суасты объектілерге қарсы жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу бойынша мәселелер пысықталды. Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қойылған тапсырмалар толық көлемде орындалды.