
Курс жауынгерлік арналымға сәйкес сеніп тапсырылған бөлімшелерді қолдануды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа біл алу мен шеберлікті жетілдіру, ұрысты жүргізудің заманауи жағдайында олардың жауынгерлік мүмкіндіктерін шебер пайдалану мақсатында өткізіледі. Курс барысында оқып-үйренушілер 11 пәнді зерделейді. Курсты өткізуге 226 оқу сағаты бөлінді. Оның ішінде, теориялық сабақтарға 53 сағат, практикалық сабақтарға 173 сағат бөлінеді. Оқу сабақтарын өткізу үшін практикалық әскери тәжірибесі бар институттың командалық және оқытушылар құрамы санынан анағұрлым дайындалған мамандар тартылды. Оқыту аяқталған соң командирлермен оқытудың негізгі пәндері бойынша бағдарлама көлемінде кешенді емтихан өткізіледі. Осы бағдарламаны меңгеру нәтижесінде әскери қызметшілер лауазымдық арналымға сәйкес функционалдық міндеттерді шебер әрі сенімді орындау үшін өздерінің кәсіби дайындықтарын арттырады.