Армиялық самбошылар Семейде жеңіс тұғырынан көрінді

Армиялық самбошылар Семейде жеңіс тұғырынан көрінді

Сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен 500-ден аса спортшы қатысты. Спорттық мансабы аяқталған соң өзінің кәсіпқойлығын жоғалтпауы тиіс деген қағиданы ұстанатын Керей Қойшыбекұлы да өзінің шеберлігін паш етті. Чемпионат төрт күнге созылды. Сайыс қорытындысы бойынша армиялық спортшы Ажар Кеңбейіл 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді иеленді. 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Бағлан Ибрагим (52 кг), Жасұлан Нариманов (57 кг) және «Әскери барысы – 2019» жеңімпазы Талғат Әміренов (+100 кг) Қарулы Күштердің қоржынын «күміс» жүлдемен толықтырды.