Рота сержанттары өздерінің біліктілігін арттырды

Рота сержанттары өздерінің біліктілігін арттырды

Курс курстық дайындықтан өту туралы сертификаттарды салтанатты табыстаумен аяқталды.  Курстық дайындық – бұл әскери қызметшілерге күнделікті қызметте жеке құрамды басқару, сондай-ақ жауынгерлік даярлық пәндері бойынша сабақтарды өткізуде әдістемелік шеберлікті жетілдіру үшін қажетті білім мен шеберлік беретін оқытудың маңызды кезеңі. Курстың оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде сержанттар атқарып отырған лауазымдары көлемінде функционалдық міндеттерін шебер әрі сенімді орындау үшін өздерінің кәсіби дайындықтары мен практикалық машықтарын арттырды.  Бөлімшелер және бөлімдермен тактикалық сабақтарды (жаттығуларды) және өзге де сабақтарды орындау барысында сержанттар білімдері мен практикалық дағдыларын пысықтады. Рота сержанттарын жоғары лауазымға ұсыну кезінде курс емтихандарының нәтижелері ескерілетін болады.  Курсты тапсыру қорытындысы бойынша барлық оқыту пәндері бойынша аға сержант А. Бекмұханбет жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Дене даярлығы бойынша аға сержант Н. Жұмамұратов, атыс даярлығы бойынша аға сержант Н. Нақан, тактикалық дайындық бойынша аға сержант Н. Жанбеков, әскери топография бойынша  3-сыныпты сержант А. Саясат үздік нәтиже көрсетті.