Алматы гарнизонының әскери қызметшілері іс жүзінде су кедергісінен өту және су бетінде понтонды көпірдің салынуын көрсетті

Алматы гарнизонының әскери қызметшілері іс жүзінде су кедергісінен өту және су бетінде понтонды көпірдің салынуын көрсетті

«Жағалау» полигонына бару барысында қорғаныс ведомствосының басшысына Десанттық-шабуылдау әскерлері мен инженерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері су кедергісінен өту мен су бетінде понтонды көпірдің салынуын пысықтау жөнінде бірлескен іс-қимылдарды паш етті. Практикалық кезеңде шынайы жауынгерлік іс-қимылдарға жақындатылған заманауи қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, жағдай қалыптастырылды. Ниет бойынша шартты заңсыз қарулы құралымдар Іле өзені арқылы көпірді бұзып, диверсия жасады, осылайша, қарама-қарсы жағалауға өткелдің өтуін болдырмау және арналым ауданына шығу мақсатында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің автомобильді легінің жолын жапты. Барлау топтарының іс-қимылдарын тасалау үшін артиллериялық бөлімшелердің күшімен түтінді снарядтарды қолдана отырып, жерді бүркемелеу жүзеге асырылды. Барлау бөлімшелері қарсыласпен орнатылған қоршаулар мен кедергілерді іздестіру бойынша іс-шараларды өткізді. Дәл осы уақытта жеке құрамды ауыстыруға арналған «Ротан» үрлемелі қайықтарда барлаушылар тобы су кедергісін бұзып өтіп, жерді тазартуға, диверсияға қарсы миналарды залалсыздандыруға, басымдық биіктіктерді басып алуға, алдыңғы жасақтардың командирлерін бақылау және барлау деректерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға кірісті. Жағалаудан барлау топтарының іс-қимылдарын артиллерия тасалады. Броньды транспортерларда өзеннің ағысы барысында Десанттық-шабуылдау роталарының экипаждары мұнаралы қондырғының қосарлы оқшашарларынан қарсыластың атысымен жойды. Қарама-қарсы жағалауға шығып, бөлімшелер атыс шебіне орнықты және барлық қолда бар керек-жарақтан артиллерияның атысымен өзара әрекет етуде қарсыласты жоюды аяқтады. Осылайша, инженерлік бөлімшелерге автомобильді лектің әрі қарай өтуі үшін понтонды көпірдің салынуын қамтамасыз етті. «Көктал» оқу-жаттығу полигонында Қорғаныс министрі таулы жерде жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшыларымен сабақтардың өткізілу барысымен таныстырды. Көрсетпелі сабақтар жауынгерлік арналым ауданына марш жасауды қамтыды. Онда жеке құрам шартты қарсыластың шабуылына тойтарыс беру жөніндегі іс-қимылдарды пысықтады. Сондай-ақ бөлімшелер рейдтік-іздестіру іс-қимылдарын орындады. Оның барысында басқару органдары алдын ала барлауды карта арқылы және ҰҰА-дан (дрондар) фотосуреттер арқылы жүргізді. «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу-жаттығу орталығына бара отырып, әскери ведомство басшысы тілдік және бітімгершілік дайындықпен танысты, сондай-ақ барокамераның жұмысын қарап шықты. Бүгінгі күні бітімгершілік операцияларға қатысу әскери қызметшілерге күрделі әскери-климаттық жағдайларда қызмет өткеру тәжірибесін жинақтауға және практикалық жауынгерлік тапсырмаларды қолдануға мүмкіндік беретін Қазақстан Қарулы Күштерінің маңызды қызметі болып табылатынын айта кету қажет. Сапар қорытындысы бойынша генерал-майор Н. Ермекбаев әскерлердің жауынгерлік әзірлігін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Замануи қауіп-қатерлерді, қару-жарақ пен әскери техниканың тиімді қолданылуын ескере отырып, әскерлерді жауынгерлік даярлық қызметінің негіздеріне сапалы оқытуға, сондай-ақ жеке құраммен жауынгерлік даярлық бойынша іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуына ерекше назар аударды.