
Қатысушылар спорттың әскери-қолданбалы түрлері, әскерилендірілген эстафета, «IQazaqstan» зияткерлік ойынына, «Meniń robotym» және«Aibyn daỳysy байқауында, сондай-ақ әскери-далалық тактикалық ойынында бақ сынасатын болады. Жиынның әрбір әлеуетті қатысушысы толқуда және ынта-шынтасымен дайындалуда: физикалық машығын жетілдіріп, автоматты жинап-шашуда, секундта жалпыәскери қорғаныс жиынтығын киіп, өзінің IQ арттыруда. «Мұндай іс-шаралар қазақстандық патриотизмді дамытуға қарқын береді, халықаралық достастықты нығайтуға және жастарды интернационалдық келісім рухында тәрбиелеуге ықпал етеді. Біз бүгін әрбір тәрбиеленуші осы жиынға қатысуға талпынып жатқанын көрдік және бұл бізді қуантады. Біз ең мықты, шапшаң, алғыр, зерек және дарынды қатысушыларды іріктеудеміз. Сондықтан біздің мақсатымыз – жеңіс», - деді іріктеу кезеңдерінің ұйымдастырушысы майор А.Серіков. Естеріңізге сала кетсек, «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны алғаш рет 2015 жылы Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында өтті. Аталмыш жиын 800-ден аса адамның басын қосты. Олардың арасында 16 өңірден әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, 8 республикалық мектеп-интернаттарының, «Арыстан» лицейі және «Жас ұлан» республикалық мектебінің оқушылары, ЖОО-ның 25 әскери кафедрасының студенттері.