
Сапар барысында өткен іс-шараларды жинақталған тәжірибе, баспа өнімінің логотипі мен эскиздері (нобайлары), отандық және шетелдік БАҚ-та БҰҰ-ның іс-шараларын жария ету мәселелері, мәдени және концерттік бағдарламаларды ұйымдастыру жөніндегі мәселелер, Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсібі кешені шығаратын қару-жарақ пен әскери-техника көрмелері талқыланды. «Болжам. Қорғаныш. Болдырмау. (Predict. Protect. Prevent)» тақырыбындағы бесінші халықаралық симпозиум 2019 жылғы мамырдың 27-і мен 31-і аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетінін айта кетейік. Ағымдағы жылы іс-шараға 70 елден шамамен 200-250 өкіл, бірінші кезекте бітімгершілік күштердің жеткізуші мемлекеттері қатысуды жоспарлап отыр.