
Өкілдердің «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу-жаттығу орталығына баруы барысында Қазақстан қатысатын орталықтық қызметі мен бітімгершілік операциялар туралы брифннг өткізілді. Өз кезегінде, итальяндық нұсқаушылар бітімгершілік контингентті дайындау кезінде жіті назарды қажет ететін аспектілер бойынша сабақтар өткізді. 2018 жылы ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін 2019 жылы «Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері» (ЛБҰҰУК) миссиясындағы штабтық офицерлердің екі лауазымын бөлу жөнінде Италия Бас штабының оң шешімі қабылданғанын естеріңізге сала кетейік. Итальяндық контингент атыстық тоқталыуын бақылап, билікті жүзеге асыру бойынша Үкімет пен Ливанның Қарулы Күштеріне көмек көрсетіп жатқанын, ЛБҰҰУК-тың батыс секторында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп, жергілікті халыққа қажетті жәрдем көрсетіп жатқанын айта кету қажет.