
Сайысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Семей және Павлодар қалаларынан құрама командалар қатысты. Бірнеше күн бойы республикалық мектептердің тәрбиеленушілері пневматикалық винтовкадан оқ ату, белтемірге тартылу, 50 метрге жүзу, 100 метрге жүгіру, 3000 метрге жүгіру, сондай-ақ 4х100 эстафетасы мен мини футболды қамтитын Президенттік тестіде бақ сынасты. «Жарысқа физикалық күші, төзімділігі мен спорттық машықтарын ғана көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге, мықты мінез-құлық, ерік, табандылық пен командалық рухты танытқан мықты командалар жиналды», - Алматы қ. оқу-жаттықтыру орталығының бастығы майор Е. Түсіпханов. Сайыс қорытындысы бойынша Алматы қ. Б. Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің командасы үздік атанды. Семей қ. «Жас ұлан» лицейінің командасынан оза шауып, Қарағанды қ. Т. Бигелдинов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері екінші орынды еншіледі. «Өскелең ұрпаққа мұндай турнирлер қажет. Дәл осындай сайыстарда шеберлік шыңдалып, жас спортшылар тәжірибе жинақтап, басқа өңірлерден келген құрдастарымен танысады. Сайысу мен оқып-үйренуге мүмкіндік берілген үшін рахмет», - деп Алматы қ. «Жас ұлан» республикалық мектебінің жеңімпаздар командасының өкілі майор М. Мұхтадов алған әсерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.